Наурызға тілек

 

наурызға тілек

Наурыз көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамы ретінде ерте заманнан бері тойланып келеді . Бұл мерекенің дінге, не болмаса жекелеген ұлттарға еш қатысы жоқ.

Адамзат өзін табиғаттың төл перзенті деп санайды. Табиғаттан  құдіретті не бар дейсің . Адамдар табиғатқа тәуелді. Біздерге жарық күн, кең дала, асқар тау, жасыл орман, айдын көл... сыйлағаны үшін де оның алдында қарыздармыз.

Сол жарықтық табиғаттың түлеп, жаңаратын шағы – осы Наурыз. Жер-ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі ииді. Аспан денелері ең бастапқы нүктелерінде тоғысады. Күн мен түн теңеледі. Жан-жануарлар төлдерін өргізеді. Жер үстіне тілмен айтып жеткізгісіз керемет бір шаттық орнай қалады. Наурыз деп отырғанымыз, Жаңа күн деп жар салатын қуанышымыз – осы.

Өзіңіз ойлаңызшы, баршамызды бауырына басып, сұлулыққа, көркемділікке, тазалыққа ұмтылдырып отырған Табиғатымыз жаңарған, жайнаған, нұрланған сәттен артық Ұлы күн, аяулы күн бар ма екен, сірә?!

Наурыз – жылдың алғашқы  күні. Түптен келгенде, біздің нағыз Жаңа жылымыз осы Наурыз болуы қажет...  Түбінде осы мерекеге келуіміз керек. Бұл халқымыздың, тәуелсіздігіміздің ең негізгі тамырының бірі болып саналады.

Төбесі көрініп тұрған жақсылықты лайықты қарсы алу, осыған мәз-мейрам әзірленудің өзі ғанибет. Тойдың болғанынан боладысы қызық. Той болғандай қандай той – Наурыз тойы!

Санаулы күндерден кейін Әз Наурыз дүние есігін ашады. Тарих қойнауына тағы бір жылымыз жол тартып, тағы бір жыл табалдырықтан аттайды. Жаңа күн төңірекке нұр-шапағатын төгеді. Жер бетіне жақсылық ұялаған күнді қарсы алайық.

http://www.kuttybolsyn.kz/index.php?do=cat&category=resmi-merekelerge

наурыз
4 марта, 23:14
2332

PR- мамандары креативті адамдар!

"Қайталанбас идеялары бар PR- мамандары,креативті адамдар" атты ұранмен, Қазақ Ұлттық университетінің, журналистика факультетінде PR мамандарының кеші өтті.Қазіргі таңда, пиар мамандығы ең сұранымы мол кәсібтердің бірі.Қазақстанда енді дамып келе жатқан мамандық десе де болады.Еліміздегі осы кәсіптің болашағын өркендететін, мамандардың бірі Қазақ Ұлттық университетіндегі, Жарнама мен Маркетинг кафедрасында тәлім алуда.Осы кафедраның ашылуына 10 жыл толуына орай студенттер кеш ұйымдастырды.Бұл кештің басынан, аяғына дейін тың идеялармен ерекше ұйымдастырылғанымен көзге түседі.

25 февраля, 19:52
310

Тең мүмкіндіктер!

 

Біздің Университетімізге   "Equal Access & Equal Life" атты жюбасының басшысы  Тоғжан Ибраева апай келді.Тоғжан апайдың айтуынан маған көп нәрселер ұнады, ең бастысы бұл жобаның мақсаты.Яғни кемтар адамдарды көргенде, құбыжықты көргендей болмай, кәдімгі адамды көргендей және оған өзіңмен тең дәрежеде қарау керек екендігі өте қатты ұнады.Тағы да Тоғжан апайдың айтуынан маған улкен әсер еткені ол- Америкада көптеген адамдардың итке тағатын  мойындықтарын алып, бирақ иттерін алмай көшеге шыққандары.Бұл менің ойымша өте қызық, дәл бұндай жағдайды Алматыдан көрмейсің. Жалпылай айтқанда маған ол лекция жаңа ойларды туындатты,көптеген жайттарға басқаша қарауға жол ашты десем де болады.Яғни мен шынын айту керек, кемтар адамдарды көргенде өзімді жайсыз сезініп, оларға аяушылықпен қараймын.Ал менің бұл әрекеттерім дұрыс емес екен!Оларда біз сиякты жандар, оларды өзіңмен тең дәрежеде қою керек екендігін түсіндім.

      Толық акпаратты мына жерден алуға болады: Тогжан Ибраева, equalaccess2010@gmail.com

 

20 февраля, 20:17
273
  • 2
  • 1