УУУУУРРРРРААААА ДЕМАЛЫС!

УУУУУРРРРРААААА ДЕМАЛЫС! деген ұранмен 3 ай жазғы демалысқа да шықтық

9 июня, 0:27
376

Бұл кімдер?Мүмкін бүкіл әлемге әйгілі жұлдыздар шығар ....

 

  Мен бұл блогта өзімнің тобым туралы жазайын деп ойладым.Сіздер неге? деген сұрақ қоятын шығарсыздар, оған жауап біреу ғана : тобым туралы айтатын қызықты әңгімелер көбейіп қалыпты)))

  Бәрінде басынан айтқанда ,мен 2010 жылы 1 қыркүйекте ҚазҰУ униветситетінің ,PR мамандығына оқуға түстім. Бұл мамандыққа  25 өте криативті, жалындаған жастар түсті.Олар менің тобымда оқиды.Біз барлығымыз тез арада танысып, бір-екі күннің ішінде жиналып көкке шықтық.Басында бір-бірімізді жақсы танымаймыз,бір-бірімізден біраз ұялшақтықта болды.Ал қазір болса, бір отбасының адамдары сияқтымыз.Және де бізде тағы 2 " заочниктерімізде" де бар."Заочниктер"  деп айтуымыздың себебі, олар біздің топтағы жігіттерімізбен бір кватирада тұратын ұлдар.Жалпы айтқанда,біз тобымызбен бірге  көптеген қызықты оқиғаларды да, тіпті өте қайғылы  оқиғаларды да бастан кешірдік.

  Жақында сессияда  бітеді, одан кейін көзді ашып-жұмғанша практикада өтіп кетеді.Сосын барлығымыз бақандай 3 айға қоштасамыз((( Осы 3 ай көлемінде жақсы демалып, жаңа оқу жылына күш-жігер жинап келулеріңді тілеймін.P.S. Арико)))

 

 

қазұу, пиар
28 апреля, 12:37
282

BARCAMP

 

    Біз 16,17 күндері группамен бірге Barcampке бардық.Өте өте керемет болды.Басында барлығымыз регистрациядан өтіп, бір сүмке сыйлық алдық.Одан кейін барлығымыз ақылдасып, прзентацияларды таңдадық.Ол жақта біз көптеген адамдармен таныстық.Көбнесе Қырғыстаннан келген қонақтармен жақсы араластық.BARCAMP ең жоғарғы дәрежеде өтті.Жылына бір-ақ  рет өтетіні өкінішті.

barcamp
21 апреля, 22:20
189

Булдіршіндерде жаңа технологияға құмартады)))

Қазіргі кезде тіпті бүлдіршіндерге дейін жаңа технологиялармен қызығады.Оны мына фотоданда байқауға болады.

25 марта, 21:34
231

Наурыз мейрамы

   Наурыз, март (парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) – Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген.

  Сонау заманнан бері келе жатқан мейрам болса да, қазіргі таңға дейін зор ықыласпен тойлануда. Қуанатын жайттардың бірі, жастар арасында да үлкен қарқынмен тойланып келеді.Халық болып қалу үшін өз салт-дәстүрімізді ұмытпауымыз абзал.

17 марта, 18:41
201

Қзақстан және жаңа технологиялар бір-біріне жақын ұғым ба?

Жаңа технологиялар! Бұл сөздер қазіргі заманның ең көп қолданып жүрген сөздердің бірі.Қазіргі кезде адамдарға ең бастысы - уақытты ұтымды пайдаланып, бәрін тез әрі нақты жасау.Өкінішке орай біздің елімізде жаңа технологиялар жасау,оны өз отандық рынокта кең пайдалану деген ұғымдар жоқтың қасы.Сіздердің ойларыңызша, осы жаңа технологияларды өз елімізде қарқынды дамыту үшін не істеуіміз керек?

арико
13 марта, 20:19
276

Бізде жасай аламыз!!!

 

ARTA Tablet планшеттік компьютері
2011 жылдың екінші жартысында отандық ARTA Tablet планшеттік компьютері еркін сатылымға шығарылады. Осыған орай бүгін елордада Қазақстанда жасалған алғашқы планшеттің таныстырылымы өтті.Бұл жағдайлар біздің бәрімізді өте қатты қуантады.

арико
5 марта, 16:43
234

Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!!!!

Қазіргі заманның жастарының, яғни мектеп түлектерінің ең үлкен проблемасы ол - ҰБТ,одан кейінгісі оқуға кайда түсем? қай университетке барсам екен? мумкін шет елге барып білім алсам ба? деген ойлар маза бермей, көп толғандырады.Көп жағдайда ата-аналары өз балаларының болашағын алдын ала ойлап , солар үшін барлығын шешіп қояды. Мүмкін бұл да дұрыс шығар,кім білсін? Ең өкініштісі сол ата-аналар көбнесе экономика, заң, қаржы деген мамандықтарды таңдап беріп жатады.Өздерінің балаларына жандары ашып "жылы жерде отырып,таза жұмыс істесін" деп айтып жатқандарын жиі кездестіресін.Әрине бұл жайттар неге біздің жастарымыз өздері ойланбайды?неге өздері  шешім қабылдамайды?неге өздерінің қабілеттеріне сай оқуға бармайды? деген келеңсіз сұрақтарды туғызады.Қазіргі заман ол интернет заманы деуге болады.Міне,осы интернетте zubbr.kz атты жоба жаңадан пайда болды.Бұл жобаның мақсаты болашақ түлектерге көптеген отандық, шет елдердегі оқу орындары туралы хабарлар беру. Және шет елдегі оқу орындары туралы хабарларды тікелей сол университетте немесе колледжде оқыған адамнан алуыңызға мүмкіндігініз бар.Жобада тағы өзіңді тексеретін  тест тапсыруға болады,сосын сол тестта қай жерден қате жібердіңіз, сол жердің дұрыс жауаптарында береді.Бір сөзбен айтқанда, бұл жоба болашақ түлектерге үлкен мүмкіндіктерді ашады.Жобада тек мектеп бітірушілерге ғана емес сонымен қатар университетті тәмәмдаған болашақ мамандарынада  өте көп ресурстар қамтылған.Тоқ етерін айтқанда,бұл жоба көптеген мүмкіндіктерді пайдалануға қол ұшын береді!!!!

Толық ақпаратты мына жерден алуыңызға болады: http://www.zubbr.kz/help/about/

   
5 марта, 16:28
238

Ақпараттық коммуникация қазіргі заманның кәсібі!

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір.

4 марта, 23:57
409

Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Көктемнің шуақты күндерінің басында, ең алғашқы мейрамдардың бірі ол - халықаралық әйелдер күн!

Халықаралық әйелдер күні әлемнің көптеген елдерінде тойланады. Тіпті кейбір жерлерде ол ұлттық мереке болып табылады.

Бұл күні жер бетінің әйелдері ұлтына, тіліне, этникалық жағдайына қарамастан бірігіп, өздерінің қаншалықты құрмет пен сыйға лайық екендіктерін іс жүзінде мойындатады. Түрлі экономикалық, әлеуметтік жағдайларда өмір сүріп жатқан нәзік жандар қазіргі кезде өздерінің білімімен, мәдениетімен, жасампаздығымен, мықты күш- жігерлерімен әлемді мойындатып отырғандықтары ақиқат. Олар теңдік пен бауырмалдықты, достық пен сүйіспеншілікті, бейбітшілік пен өзара түсіністікті ту етіп ұстауда.

Халықаралық әйелдер мерекесінің негізін қалағандар - Нью-Йорктегі фабрика мен мақта- мата өндірісінің жұмысшы әйелдері. Олар 1857 жылы тұңғыш рет бас көтеріп, өз құқықтарын қорғап, ереуілге шыққан болатын.

Бірінші Халықаралық әйелдер күні Германияда, Австрияда, Данияда, Швейцарияда 1911 жылы 19 наурызда аталып өтті. Көп адам қатысқан митинг те болды. 1912 жылы ол 12 мамырда осы елдерде аталды. 1913 жылы 12 наурызда Германияның, 9 наурызда Австри я, Чехи я, Венгри я, Швейцари я, Голланди яның әйелдері, 2 наурызда Франция мен Ресейдің әйелдері бас көтерді.

1914 жылғы 8 наурызда көптеген елдер Халықаралық әйелдер күнін атап өтті.

1975 жылдан бастап БҰҰ-ның ұйғарымымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні ретінде аталып өтуде.

4 марта, 23:31
395